Серік Сәпиев Қазақстандағы легионер спортшыларға қатысты пікір білдірді

Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғайтын шетелдік спортшыларды сатып алуға қатысты ойын айтты.

«Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика. Әр елде легионерлерге көңілі көншімейтіндер табылады. Әрине, өз спортшыларымызды дайындауымыз керек. Қажет жағдайда шетелден тәжірибелі жаттықтырушыларды тартып, олардан үйреніп, өз спортшыларымызды даярлау қажет», — деді Серік Сәпиев елордада Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алу сәтінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Айта кетейік, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Париж Олимпиадасына қазақ боксшыларын арнайы қолдап барған.

Бүгін таңертең астаналықтар Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алды. Елорда әуежайына боксшының жақындары, жанкүйерлер және БАҚ өкілдері жиналды.