Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын күдікті ұсталды

Фото: gov.kz

Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.

Атап айтқанда, «Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматтықайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.

Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.