«Мен үш рет тұрмыста болдым, бірақ біреуі де сәтті болмады»: Бибігүл Төлегенова жеке өмірі туралы айтты

КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегенова жеке өмірінен сыр шертіп, сәтсіз неке құрғанын жасырмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Аңыз адам журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, үш рет тұрмыс құрғанын айтты.

“Әркімнің өз бақыты бар. Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Бір әйел күйеуінен бақыт табады, енді бірі өнерден табады. Мен өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол үшін де маған ешбір еркек “Сені мен көтердім” деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді.Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім», – деп ағынан жарылды өнер иесі.