Offside.kz басылымы 31 жастағы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтың Париждегі Олимпиадада жеңіп алған алтын медалінің шын мәнінде қанша тұратынын есептеді, — деп хабарлайды Qazaq.today.
Олимпиада медалінің өзі 529 грамм, бірақ 95,4 пайыз күміс. Оның құрамында небәрі алты грамм таза алтын бар. Осылайша, асыл металдардың қазіргі бағасына сүйенетін болсақ, қазіргі заманғы «алтын медальдың» құны шамамен 950 долларды немесе шамамен 450 мың теңгені құрайды.
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдошы Елдос Сметов 60 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда Франция өкілі Лука Мхеидзеден басым түсті. Бұл жүлде Қазақстан құрамасының соңғы ойындардағы қоржынындағы жалғыз алтын медаль болды. Бұл алтын медаль Қазақстанның дзюдодан Олимпиада ойындарындағы тарихындағы тұңғышы болды.
Бұған дейін Сметов 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2020 жылы Токио ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.