Бразилияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 68 адам қаза тапты

Бразилияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 68 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ұшақ бортында 58 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған. Жергілікті билік жолаушылар мен экипаждың ешқайсысы тірі қалмағанын хабарлады.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, Бразилияның әскери полициясы жұмыс істеп жатыр. Әзірге апаттың нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ұшақ Каскавелден (Парагвай және Аргентина шекарасына жақын Парана штаты) Гуарульхос әуежайына ұшып бара жатқан.

Әлеуметтік желіде үлкен аумақты жалын шарпыған, сондай-ақ ұшақтың фюзеляжынан түтін шығып жатқаны түсірілген видео тарады.