Мысырлық балуан Парижде қамауға алынды. Мысыр құрамасының балуаны Мохамед Эльсайед Париждегі кафелердің бірінде бейтаныс әйелге қырындаған. Енді ол жеңісін елінде тойлай алмай, түрмеге кетуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today.
Француз полициясы грек-рим күресінен Мысыр құрамасының мүшесі Мохамед Эльсайедті жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұстағанын Le Parisien газеті жазды. Оқиға 9 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:30 шамасында Аустерлиц жағалауында болған. Спортшы Париждің 13-ші ауданында кафеден мас күйінде шығып, көшедегі бейтаныс әйелдің құйрығына жабысқан.
Прокурорлар жыныстық зорлық-зомбылық деп бағалап, жәбірленушінің арызы бойынша тергеуді бастады. 26 жастағы Эльсайед грек-рим күресінен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (67 келіге дейін).