Кәсіпқой боксшы Иван Дычко АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Кәсіпқой боксшы Иван Дычко (13-0, 12 КО) ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, жеңіліп көрмеген қазақстандық күрзі жұдырық иесі Дычконың келесі жекпе-жегі ProBox-тың келесі шоуы аясында, 21 тамызда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді. Иванның қарсыласы – америкалық боксшы Крейг Льюис (15-7-1, 8 КО). Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Иван Дычко 2023 жылдың шілде айынан кейін араға бір жыл салып, шаршы алаңға қайта шыққалы отыр. Бұған дейін ол Буэнос-Айресте (Аргентина) жергілікті боксшы Ариэль Эстебан Бракамонтені (13-11-7 КО) нокаутқа түсіріп, WBA Fedecaribe титулын жеңіп алған болатын.

Фото: olympic.kz