Бүгін Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады

Фото: Бокс федерациясы

Бүгін, 6 тамыз Астана уақытымен түнгі 1-де әйелдер боксынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Боксшы жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.

Жарыс тікелей эфирде 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні «Qazaqstan» арнасынан көрсетіледі.

Сонымен қатар, каноэде есуден Сергей Эмишьянов, Руфина Ысқақова сондай-ақ байдарка есуден Бекарыс Рахматулла сынды 6 спортшымыз жарысқа шығады, жеңіл атлетикадан әйелдер арасында Нора Джеруто 3000 метрге жүгіруден финалға қатысады.