Түркия билігі Instagram-ды бұғаттап тастады

Түркия жұма күні таңертең ел аумағында Instagram-ды бұғаттап тастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Дегенмен билік оның себебін атаған жоқ.

Әлеуметтік желі мобильдік қосымшада да, компьютерде де қолжетімсіз.

Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі кеңес шешімі бойынша 2 тамызда Instagram.com сайты бұғатталды, — делінген мәліметте.

Әзірге бұғаттау қанша уақытқа созылатыны айтылған жоқ.

Фото: Pixabay