«Сендерді жек көремін, сорлы жоғал»: Жамбыл облыстық ПД бастығы қол астындағы полицейлерді қорлаған (ВИДЕО)

Фото: gov.kz

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қол астындағы қызметкерлерін қорлайды. Генералдың қызметкерлеріне ұрсып, бейәдем сөз айтып жатқан видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Бас полицей жиналыс өткізіп отырған сәтінде үстелді тоқпақтап, полицейлерді балағаттаған.

«Сендерді жек көремін. Бұл жерден жоғал», — деп боқауыз сөз айтқан. 

Полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакімбекұлы 1974 жылдың 3 сәуірінде Көкшетау облысының Щучинск қаласында туған. Ол 2022 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы.