Алматыда жеке үйдегі өртті сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Алдын ала дерек бойынша бұл үйде тұрған зейнеткерлерді қылмыскер өлтіріп, үйді өртеген. Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
— Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстың себебі ұрыс-керіс пен араздық болған.
Басқа да мән-жайлар анықталуда, — деп хабарлады департаменттен.
Фото: Polisia.kz