Назым Қызайбай: Алғашқы жекпе-жек қашан да қиын соғады

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 

«Бірінші жекпе-жек болғаннан кейін шығар, кішкене қиындау болды. Енді келесі айқастарымда бұдан да жақсы жұдырықтасуға тырысамын. Олимпиаданың атмосферасы өте керемет. Адамдар да өте көп, жалпы өзіме ұнап жатыр.

Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым. Алайда, ең бастысы қарсыласымды ұттым. Қарсыластарымның барлығы мықты. Сол үшін алдағы айқастарыма барынша тыңғылықты дайындалып шығамын» деді кездесуден соң сөз алған Қызайбай.

Еске салайық, алғашқы айналымда Назым италиялық боксшыдан басым түсті.

Фото: Сали Сабиров