Қазақстанның Франциядағы Елшілігі отандасымыз, велосипедші Рәббім Борашев пен оның жұбайының Париждегі Триумф аркада салтанатты кездесу рәсімін ұйымдастырды. Маңғыстау облысының тумасы өзінің саяхатын 2024 жылдың мамыр айында бастап, бүгін Олимпиада ойындары қарсаңында Парижге жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Іс-шараға Францияда тұратын, Қазақстаннан келген туристер, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері мен француз азаматтары қатысты.
Р.Борашев веложарыс, жеті елдің дәстүрлері мен тұрмысымен танысу туралы жарқын әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ біздің елімізді абыроймен таныстырды. Велошабандоздың айтуынша, 5 мың шақырымды еңсере отырып, ол қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында халықаралық спорттық іс-шара кезінде Парижге бару туралы өзінің көптен бергі арманын орындады.
Фото: gov.kz