Дзюдодан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды.
Қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары:

60 келі: Елдос Сметов — Торнике Чакадуа (Нидерланд)
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев- Давид Гарсия Торне (Испания)
73 келі: Данияр Шамшаев — Мұроджон Юлдашев (Өзбекстан)
81 келі: Абылайхан Жұбаназар (екінші айналым) — Атилла Унгвари (Венгрия)
100 келі: Нұрлыхан Шархан — Тома Никифоров (Бельгия)

48 келі: Абиба Әбужақынова — Шира Ришони (Израиль)
63 келі: Эсмигуль Куюлова — Лубьяна Пиовесана (Австрия)
+78 келі: Камила Берліқаш — Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия)
Алғаш болып татамиге Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова шығады.