Ұшқыш аман қалды: Непалда ұшақ апатынан 18 жолаушы мерт бол

Непал астанасы Катмандуда Saurya Airlines авиакомпаниясы ұшағы апатынан ұшқыш аман қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы The Annapurna Express-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Апатқа ұшыраған лайнер – Похарадағы қызмет көрсету орталығына жол тартқан Bombardier CRJ 200, деп түсіндіреді ABC Nepal. Бортта авиакомпания қызметкерлері болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақта 19 адам болған, олардың 18-і қайтыс болды. Апат ұшу кезінде болған.

Катмандуда орналасқан Saurya Airlines Непалдағы бес бағыт бойынша ұшады. Әуе компаниясының флоты Bombardier CRJ 200 ұшақтарымен ұсынылған.