Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль Канело Альварес (61-2, 39 КО), өзінің келесі қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметі бойынша, атақты мексикалық чемпион келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді.
«Канело Альварес, бокс әлемінің басты жұлдызы, 14 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да суперорта салмақтағы чемпиондық титулды қорғау үшін Эдгар Берлангаға қарсы жекпе-жек өткізу бойынша келісімшартты аяқтау үстінде», — деп жазады ESPN дереккөздері. Жекпе-жек UFC 306 аясында The Sphere аренасында өтеді», — деп хабарлайды журналист әлеуметтік желілерде.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін Канело келесі жекпе-жегін IBF желісі бойынша міндетті чемпион Уильям Скалға қарсы өткізетіні туралы ақпарат шыққан болатын.
Бұдан бұрын, Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-ші сессиясында Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) танылған федерациялар тізімінен шығарылғаны расталған болатын.
Американдық ESPN телеарнасы XXI ғасырдағы үздік ММА жауынгерлерінің рейтингін ұсынды: көшбасында американдық Джон Джонс тұр.