Головкин Парижде қазақ боксшыларымен кездесті

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Париждегі Олимпиада қалашағында бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Геннадий Головкин қазақстандық боксшылардың Олимпиада қалашығындағы жаттығу залына барып, оларға қолдау білдірген. Сондай-ақ Головкин Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, қазақстандық спортшыларды қолдауға әрқашан дайын екенін жазды.

Париж Олимпиадасында бокс бәсекелері 27 шілдеде басталады. Жарысқа Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады.

Фото: boxingkazakhstan