«Майқайыңдағы» үшінші құтқарушының денесі табылды

Фото: «Майқайың алтын»

Павлодар облысындағы Майқайың кенішінде шұңқырға құлаған автобус ішінде болған жолаушылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаевтың сөзінше, 19 шілдеде құтқарушылар взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденовтің денесін тапты.

«Мәйіт таңғы сағат 5.30 шамасында табылды. Эскалатор мәйітті зақымдауы мүмкін еді. Содан кейін полиция келіп, барлық процедуралар басталды. Ертең іздеу жұмыстарын жалғастырамыз. Себебі қызметкерлер мәйітті шығару кезінде моральдық күйзеліске ұшырады», – деді Қайролла Жүрсінбаев.

Ол төртінші қаза болған құтқарушының денесі жақын арада табылар деген үмітін білдірді.