Қостанайдың №2 сотында сирек кездесетін сот процесі жүріп жатыр. Жергілікті такси жүргізушісі Дмитрий Галкинге тіл тигізген Тобыл тұрғыны Құндызай Кенжетаева ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық бап бойынша сотталып жатыр. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі «Время» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға ақпан айында болған. Галкиннің көлігіне мінген Кенжетаевтар әдепсіз мінез танытқан. Жолаушының күйеуі мас болып, былапыт сөздер айтып, жүргізушінің басына түкірген. Оқиғаның соңы қақтығысқа ұласып, Кенжетаева Галкинді балағаттаған.
Сот шешімімен такси жүргізушісі құқық бұзушылардан 300 мың теңге ақшалай өтемақы алды.
«Кенжетаеваның төрт баласы бар екенін білдім. Оны аядым, әрі жеті жыл бойы түрмеде отырғанын қаламадым. Шағымымды қайтарып аламын», – деді Дмитрий.
Фото: welcom-sukko.ru