Фото: UFC Russia
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов спортшы өзінің келесі жекпе-жегін лигада өткізуді жоспарлағанын баяндап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Шавкат күзге дайындалып жатыр. Енді Джек Делла Маддаленаның жарақатын ескере отырып, титулдық жекпе-жек қалай өтетінін күткен жөн. Осыдан кейін Шавкаттың келесі жекпе-жегі жоспарланады. Оның келесі қарсыласы Маддалена бола ма? Жоқ, Джек әзірге өзімен-өзі шеткері қалды. Бізде оны күтуге басымдық жоқ. Біздің мақсатымыз – үміткер мәртебесін алу», — деді Саят YouTube-тегі «Вестник ММА» арнасына берген сұхбатында.