«Мен неге жатырмын»: Интимдік жаттықтырушы еркектердің көзге шөп салуына әйелдердің кінәлі екенін айтты

Фото видеодан алынған

Интимдік жаттықтырушы ер адамның көзге шөп салуына әйелдердің кінәлі екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл пікірді интимдік гимнастика жаттықтырушысы Асылгүл Жаңабайқызы Youtube желісіндегі «Шындық пен ақиқат» подкастында айтқан. Маманның пікірінше, көп жағдайда күйеуінің көзге шөп салуына жұбайы өзі кінәлі.

«Ойлану керек, бұл сабақ маған не үшін берілді? Күйеуіңнің көзіңе шөп салуы да бір сынақ. Әлбетте, еркек адамның нәпсіқұмарлылығын жоққа шығара алмаймын. Бірақ көп жағдайда әйелдің өзі тікелей кінәлі болады. Себебі өзіне «жәбірленуші» позициясын ұстанған ұтымдырақ», – дейді жаттықтырушы.

Сұхбатта маман өзіне жүгінген әйелдердің мысалдарымен бөліседі. Сондай-ақ жаттықтырушы көп нәрсенің әйелдің өзін-өзі бағалауына байланысты екенін айтты. Оның пікірінше, өзін үнемі басқалармен салыстырып отыру әйел адамға кері әсер етеді.

«Интернеттен блогерлерді қараймыз. Неге олар күшті үй алып жатыр. Мен неге жатырмын. Анау менен әдемі деп өзін салыстыра береді. Біз өз кезегімізде «өзін-өзі бағалау» сөзін «өз құндылығыңды білу» деп ауыстыру керекпіз. Әйел өзінің құнды екенін білу қажет», – деді Асылгүл Жаңабайқызы.

Еске салсақ, бұған дейін “орамалдылардан көңілім қалды” деген танымал блогердің хиджабын шешіп тастағаны туралы жазған едік.