Актер Жахан Отарғалиев блогерлермен бірігіп үш күннің ішінде халықтан 44,5 миллион теңге жинады.
Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Мына керемет эмоцияның демеушісі – сіздер. Біз 44 500 000 теңгені 3 күнде жинадық, сенесіз бе? Бұрын-соңды мұндайды көріп пе едіңіз?», — дейді ол.
Актер жиналған қаражатқа мұқтаж отбасыға үй әперетінін айтқан.