Жеңімпаз абсолют рекорд орнатты. Англия мен Испания Еуро финалында шоу жасады

©SCANPIX/AP

Испания құрамасы Еуропа чемпионатының шешуші матчінде жеңіске жетті де, абсолют рекорд орнатты. Бұл туралы Qazaq.today сайты vesti.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Испания мен Англия арасындағы финал Берлиндегі «Олимпиаштадион» алаңында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Командалар бірінші таймда бір-бірен гол сала алмады, алайда екінші таймда нағыз шоу жасады.

47-минутта бильбаолық «Атлетико» сапында өнер көрсететін Нико Уильямс есеп ашты.

Англияға есепті теңестіру үшін жарты сағаттай уақыт қажет болды: 73-минутта Коул Палмер алаңға шыға сала гол салды.

Ал енді финал тағдырын тағы да алаңға жаңа шыққан футболшы шешті. Микель Оярсабль қапталдан ұшқан допты қақапаға дәл бағыттап, Испанияға рекордтты трофей — тарихтағы төртінші титулды жеңіп алып берді.