11 шілдеде түнде Алакөл көлі маңында, Жетісу облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.
Қазақстандық деректер орталығының «Геофизикалық зерттеулер институты» жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен 23:24-те тіркелген. Эпицентр Ақши ауылынан 12 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болды.
Еске салсақ, 23 маусымға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында да жер сілкінісі болған еді.