Шығыс Қазақстан облысының шекарасы өзгермек

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігі мен мәслихатының «Ұлан ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы» бірлескен шешімі мен қаулысы дайындалды, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес Ұлан ауданының келесі елді мекендерінің шекаралары өзгереді:

  • Азовое ауылдық округі Ново-Азовое ауылының шекарасының (шегіне) Ұлан ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 877,26 гектар жерді қосу арқылы Азовое ауылдық округі Ново-Азовое ауылының шекарасы (шегі) өзгертіліп, жалпы ауданы 3184,94 гектар шекарасында белгіленсін;
  • Айыртау ауылдық округі Новая-Канайка ауылының шекарасының (шегіне) Ұлан ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 2424,71 гектар жерді қосу арқылы Айыртау ауылдық округі Новая-Канайка ауылының шекарасы (шегі) өзгертіліп, жалпы ауданы 3434,79 гектар шекарасында белгіленсін.

Құжат 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Фото: amanatpartiasy.kz