Мадридтің «Реал» командасының басшылығы бірқатар ойыншының жейдесіндегі сандардың өзгергенін хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.
«Реалдың» жұлдызды жаңа ойыншысы Килиан Мбаппе 9 нөмірді иеленетін болды.
Сондай-ақ, бұған дейін 12 нөмірмен алаңға шығып келген Эдуард Камавинга енді 6 нөмірлі жейдені киеді.
Федерико Вальверде 8-ші, ал Аурельен Чуамени 14-ші нөмірді алды.
Арда Гүлер 15-ші, Хесус Вальехо 18-ші нөмірмен команда намысын қорғайды.
Фото: Pixabay