Павлодардағы балабақшада үш қабатты кереует баланың үстіне құлап кетті

Павлодардағы жекеменшік балабақшалардың бірінде үш қабатты кереует 2 жасар баланың үстіне құлап кетті. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс жағдай ақпан айында болған. Төсектің баланың үстіне құлаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан үш бүлдіршіннің кереуетке шығуға талпынып жатқанын көруге болады. Тербеліп тұрған төсек баланың үстіне құлап кетті. Жиһаздың астында қалған бүлдіршіннің иығы сынып, жарақат алды.

Тәрбиеші ойыншықтарды жинап жүріп, балаларды назардан тыс қалдырған. Сорақысы, мекеме қызметкерлері болған жағдай туралы баланың ата-анасына ешетеңе айтпаған. Анасы ұлының жарақаты туралы кездейсоқ білген. Сөйтіп полицияға шағым түсірген.

«Сырғымадан секірген»: Маңғыстау облысындағы демалыс орнында 17 жастағы жігіт көз жұмды (видео)
Алматы облысында жол апатынан жасөспірім көз жұмды: Тұрғындар қайталана беретін қайғылы жағдайға жүк көліктерін кінәлайды
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Білім басқармасының өкілдерінің айтуынша, міндетін тиісінше атқармаған тәрбиешінің мәселесі сотта қаралады.

Бұған дейін Атырауда аттракцион істен шығып, бес бала зардап шеккен еді.