Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан жаппай төбелеске шамамен 25-30 адам қатысты. Төбелестің себебі әлі белгісіз. Видео сипаттамасында бұл университет жатақханасының бірінде болғаны жазылған.
«Жаппай төбелестің видеосын түне жіберді. Видео авторының айтуынша жаппай төбелес Алматыдағы Сатбаев университетінің жанында болған», — делінген хабарламада.
ІІМ-нің мәліметінше, 23 ақпанда 23: 00-де Алматы қаласының Бостандық ауданында жастар арасында жаппай төбелес болған.
«Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа жағдайлары анықталып жатыр», — деді полиция.
Qazaq.today