Теміртауда 8 шілдеге қараған түні жолда 17 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға Теміртаудағы базардың жанында болды. 17 жастағы жасөспірім жаяу жүргіншілер жолымен өтпеген.
Оны 30 жастағы жүргізуші басқарған жеңіл көлік қағып кетті. Жүргізуші құқық қорғау органдарына жауап берді.
Полицейлер тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жігіттің денесі отбасына берілді.