Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатқа ұашырап, 4 адам қайтыс болып, адам зардап шекті. Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстандағы оқыс оқиғадан қаза тапқандардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
ТЖМ жариялаған ресми хабарламаға сүйенсек, авиациялық төтенше жағдай кезінде ведомствоның төрт қызметкері көз жұмды.
Олар: ұшқыш-нұсқаушы Дәулетбай Қанатов Сабырбайұлы, екінші пилот Владимир Афанасьев Константинович, аға борт механик-нұсқаушы Сиязбек Андосов Шажалиұлы және жетекші инженер Жәрдем Доскалиев Қуанышқалиұлы бар.
«ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», — делінген министрлік таратқан хабарламада.
Qazaq.today