Шекараны бұзып өтпек болған 55 шетелдік ұсталды – ҰҚК

Биыл маусымда Қазақстан шекарасын бұзып өтпек болған 55 шетелдік ұсталды, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

Шекара қызметі 2024 жылғы маусымның жұмысын қорытындылады. Шекарада заңды бұзудың 4 337 дерегі анықталды:

    • Шекараны бұзғаны үшін 55 шетелдік ұсталды;
    • Шекараны бұзып өтпек болған 35 шетелдік ұсталды.

Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған затты алып өтудің 1 639 дерегі тіркелді:

    • 46 – есірткі, жалпы салмағы 14 келіден жоғары;
    • 48 – қару мен оқ-дәрі (1 қару, 6 пнемватикалық қару, 459 дана суық қаруы, 172 дана оқ-дәрі);
    • 30 – діни әдебиет (692 дана);
    • 553 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай (45 мың литр);
    • 726 – жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
    • 236 – жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден асаты шетел валютасы.

Каспий акваториясында 34 браконьерлік дерегі тіркелді:

    • 18 жүзу құралы;
    • Ұзындығы 32,5 шақырым болатын браконьерлік балық аулау құралы;
    • 20 дана (71,3 келі) бекіре тұқымдас балық;
    • 12 905 дана (24 896 келі) таза тұқымдас балық;
    • 47 суда жүзетін тасбақа;
    • 9 құс;
    • 1 каспий итбалығы.

Алдын алынған залал сомасы – 147 млн теңге.

Заң бұзушыларды жауапқа тарту үшін деректер құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.