Фото: instagram.com/dorogi_karagandy/
Қарағандыда жаппай жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілде күні сағат 17:32-де К. Маркс көшесінде бес автокөлік – Lexus, Toyota, Mercedes және екі Chevrolet Nexia қатысуымен ЖКО орын алған.
«Апат салдарынан Toyota автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», — деп хабарлады полиция.