Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданды атады, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
«Алматы – республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі. Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Олардың негізгілері — қаланың таулы аймақтары. Барынша қауіпсізі – Түрксіб ауданы, қалғандарының бәрі – Медеу, Бостандық аудандары опырылу орындарын орналасқан, сондықтан қауіп жоғары», — деді Күлшімбаев.
Оның айтуынша, 9 және одан да көп балдық жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегеді.
«Қаланың 60-70 пайызы қирай ма, мен мұнымен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша, 9 балл және одан жоғары жойқын жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын болатынын қарастыру қажет», — деп түйіндеді сөзін вице-министр.
Qazaq.today