Науқастарға тегін берілетін дәрілердің тізімі қысқарады

Қазақстанда науқастарға тегін берілетін дәрілердің тізімі қысқарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығы бойынша 32 ауру түрін емдеуге арналған 38 дәрі-дәрмек тізімнен алып тасталмақ.

Бұл туралы дерек Ашық НҚА сайтында пайда болды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар тізімінен төмендегі ауруларды

«Омепразол»;

«Амоксицилин»;

«Кларитромицин»

«Азитромицин»;

«Фамотидин»;

«Карбамзепин»;

көзге арналған»Ацикловир»

«Өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алып тасталды, өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек көлемін көбейту қарастырылған», — делінген құжатта.

Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Фото: Pixabay