Таразда еріктілер жер кепеде ел көзінен таса, адам шошырлық күйде өмір сүріп жатқан кейуана мен оның екі баласын тапқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.
Журналистің жазуынша, 78 жастағы кейуананың аяғы құрттап кеткен, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр.
«Ал 40 жастағы екі ұл мүлдем жарық дала көрмеген сыңайлы. Топыраққа, шкафқа бастарын сұғып, кісі киік болып қалған. Үшеуінің де психикалық ауытқуы бар. Жөндеп тамақ ішіп, жуынбағалы жылдар болғаны анық дейді еріктілер», — деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Қазір үшеуі де ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды.
Фото: freepik.com