Еуропа чемпионатының бірінші раундтық плей-офф нәтижелері бойынша жасанды интеллект турнир жеңімпазы туралы болжамын өзгертті, деп хабарлайды Qazaq.today.
Группалық кезеңнен кейін суперкомпьютер Евро-2024 негізгі фавориты ретінде Англия құрамасын атаған еді. Енді ағылшындар бұл тізімде тек төртінші орынға түсіп қалды.
Жаңа фаворит ретінде Германия құрамасы аталып отыр: жасанды интеллекттің есептеулері бойынша, турнир иелерінің Евро-2024-те жеңіске жету мүмкіндігі 19,68 пайызды құрайды.
Үш үздік құрамалар қатарына сондай-ақ Германияның 1/4 финалдағы қарсыластары – Испания (18,6 пайыз) және Франция (18,57 пайыз) енді. Четвертьфиналдың аутсайдері ретінде Түркия құрамасы аталып отыр (3,1 пайыз).
Еуропа чемпионатының 1/4 финалдық матчтары 5 және 6 шілде күндері өтеді. Турнирдің финалы 14 шілдеге жоспарланған.
Бұған дейін Евро-2024 жеңімпазы туралы болжамын Ромео есімді қыран құс та беріп, Германияны турнирдің басты фавориты ретінде атаған болатын.
View this post on Instagram
Еуропа чемпионатының соңғы четвертьфиналистері ретінде Нидерланды және Түркия құрамалары анықталды: «оранжевалар» 1/8 финалда Румынияны, ал түріктер Австрияны жеңіп шықты.
Австрияға қарсы ойында қорғаушы Мерих Демирал матчтың 57-ші секундында есеп ашты. Бұл гол Еуропа чемпионаттарының плей-офф тарихындағы ең жылдам гол болып тіркелді.