Қытай Халық Республикасы сыртқы күштердің Қазақстанның ішкі істеріне араласуына қарсы. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ҚазАқпарат жариялаған мақаласында жазылған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
«Саясатта дәстүрлі өзара қолдауды күшейту керек. «Достардың алдында әр сөзіңде тұру керек» деген Қытай даналығы бар. Біз қазақстандық достармен шынайылық пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуды жалғастырамыз, саяси өзара сенім мен стратегиялық үйлестіруді тереңдетеміз, бір-біріміздің түпкі мүддеміз бен негізгі алаңдаушылығымызға қатысты мәселелерде өзара қолдауды арттырамыз», – деді Си Цзиньпин.
Айтуынша, Қытай тарапы Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғау, дербес таңдалған даму жолын ұстану, мемлекеттің өркендеуін қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы саясатты іске асыру жөніндегі күш-жігерін үнемі қолдайды. Сондай-ақ сыртқы күштердің Қазақстанның ішкі істеріне араласуына қарсы.