Шымкентте базар өртенді

Шымкент қаласында өрт сөндірушілер базарлардың бірінде шыққан өртті сөндіруде, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

Оқиға орнына келгеннен кейін сауда бутиктері өртеніп, екі көлік зақымдалғаны анықталды.

ТЖМ күштерімен ауданы 400 шаршы метр ашық жану толығымен жойылды, — делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.