Германия футбол құрамасы өз алаңындағы Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Qazaq.today.
1/8 финалында Юлиан Нагельсманның командасы Даниямен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші голды Кай Хаверц 53-минутта пенальтиден соқты. Пенальти VAR қарауынан кейін, Дания қорғаушысы Йоаким Андерсеннің айып алаңында қолмен ойнағаны үшін тағайындалды.
68-минутта Нико Шлоттербек Джамаль Мусиалаға пас беріп, ол айып алаңынан төменгі бұрышқа дәл соққы жасап, Германияның екінші голын енгізді.
Матч барысында VAR қарауынан кейін үш гол есепке алынбады. Алғашқысы 4-минутта неміс Нико Шлоттербектің соққысы, 48-минутта датчандық Андерсеннің голы, ал екіншінші таймның қосымша уақытында Флориан Вирцтің голы.
Бірінші таймда матч қатты дауыл, нөсер жауын және найзағай салдарынан Дортмундта тоқтатылды. Қысқа үзілістен кейін ойын 33-минутта қайта жалғасты.
Германия футбол құрамасы Еуро-2024-тің ширек финалына шыққан екінші команда болды. Германияның ширек финалдағы қарсыласы 30 маусымнан 1 шілдеге қараған түні Испания мен Грузия арасындағы матчта анықталады.
Еуро-2024 Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтуде. Чемпиондық атақ бос қалды, өйткені өткен жылғы трофей иегері Италия 1/8 финалында шығып қалды. Турнирдің алғашқы ширек финалисі Швейцария командасы болды.