Әзербайжанда 5 балдық жер сілкінісі болды

Әзербайжанның оңтүстігінде 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Мәлім болғандай, жер сілкінісі 28 маусымда жергілікті уақыт бойынша 07:43-те Әзірбайжанның оңтүстігіндегі Лерик ауданында болған. Магнитудасы 4 балл болатын дүмпулер Лянкаран, Астарин, Ярдымлин, Масаллин және Жалилабад аудандарында да сезілді.

«Жер сілкінісі эпицентрде шамамен 5 балл болды», — деп атап өтті сейсмологтар.