Sorting by

×

Алматыдағы автобустың апатқа ұшырауына «5:32» сериалының продюсері себепкер болған

Алматыда Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына 5:32» сериалының продюсері Анель Сартаева (Уалиева) себепкер болуы мүмкін.

Мұндай ақпарат БАҚ беттерінде пайда болды. CMN.KZ жазуынша, «Salem Social Media» медиа-компаниясының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаева (Уалиева) KIA Sportage көлігін тізгіндеген. Ол «5:32», «Эскорт», «1286» және басқа да танымал қазақ телехикаяларын түсірді.

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. Полиция департаменті жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ рөлде әйел адам болғанын атап өтті.