Қазақстандық теннисші Зарина Диас Уимблдон-2024 турнирінің негізгі сеткасына өте алмады, деп хабарлайды Qazaq.today. Әлемдік рейтингте 967-орында тұрған Диас финалдық квалификация матчында Қытайдың 92-ракеткасы Чжу Сян Байға 2:6, 5:7 есебімен жеңілді.
Матч 1 сағат 18 минутқа созылды. Ойын барысында Диас 1 эйс жасап, 2 қосарланған қателік жіберді. Ал Чжу Сян Бай 1 эйс жасап, 1 қосарланған қателік жіберді.
Диас бұған дейінгі матчтарда тайлық Мананчай Савангкаевты (208-ракетка) және америкалық Сачия Викериді (138-ракетка) жеңген болатын.
View this post on Instagram