Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарын жан-жақты насихаттау қажет екенін баса айтты. Президенттің сөзінше, осындай адамдар — заманымыздың нағыз батырлары және ұлтымыздың сенімді тірегі. Бұл туралы Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін құттықтау сәтінде айтты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
«Мемлекеттің қуаты – халықта, ал халықтың қуаты жасампаз күш-жігерде және отаншылдықта. Сондықтан еліміздегі барлық ауқымды өзгерістер адамға, оның қарым-қабілетін толық ашуға бағытталған. Біз үшін реформалардың өзі ғана емес, түпкі мәні маңызды. Біздің реформаларымыз қызыл сөзге емес, нақты іске негізделген. Басты мақсат – азаматтарымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, әл-ауқатын арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан жаңғыруларға негіз болатын қағидаттардың бірі», — деді ол.