Ресейден келген бас бапкер қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске ашуланды. Белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман ұлттық құраманың бас бапкеріне қазақ тілінде сұрағын қойған еді. Оның сұрағын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов орыс тіліне аударып берген. Кезекті рет қазақша қойылған сауалға Станислав Черчесов ашуланып, шытырайып шыға келген.
«Сұрақты неге орысша қоймайсыз? Мен қазір сізге өз ана тілім осетин тілінде жауап берсем не болады? Бірақ ол кезде ешкім түсінбейді. Осының алдында қазақша сауалыңызды федерация президенті аударып берді, енді ол кісіні қайта-қайта әурелемеймін ғой. Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен ондай жүрмейді», – деді ресейлік бапкер.
Еске сала кетейік, осы айдың басында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.