Бишімбаев пен Байжановтың үкімі өзгеріссіз қалады

Апелляциялық сот экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанов үкімін өзеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.

Бүгін Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды. Отырыс тікелей эфирде өтті.