Түркістан облысында балабақшадаға балалар астан жаппай уланып қалды. Аталған жағдайға ақытсыт қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалардың улану жағдайы Түркістан облысы білім басқармасының назарына алынды. 24 маусым күні таңғы астан кейін сағат 11.00-лер шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсетілген.
«Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген. Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.
.