Алматыда қоғамдық көліп апатқа ұшырап, 16 жолаушы жарақат алды. Тағы бір жолушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
«Бұл жол-көлік оқиғасы 14 сағат 20 минутта Алматының Алмалы ауданында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан. Оқиға салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, тағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды», -деп хабарлады Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.