ММА спортшысы сүйіктісіне ұсыныс жасады: қыз келісім беруден бас тартты

Прагада аралас стильдегі Чех спортшысы Лукаш Буковаз сүйіктісіне жекпе жек алаңында ұсыныс жасады. Алайда, қыз келісім беруден бас тартты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Өткен демалыс күндері ММА бойынша жекпе-жекте жеңілгеннен кейін Буковаз сүйіктісіне алаңда ұсыныс жасауға шешім қабылдады. Спортшы қызды рингке шақырып, бір тізе бүгіп, оған сақина ұсынды. Алайда күтпеген тосынсыйға дайын болмаған қыз 20 мың көрерменнің көз алдында келісім беруден бас тартты, деп жазады zakon.kz.

«Біздің арамызда болған барлық оқиғалардан кейін, сенің сатқындықтарыңнан кейін, менің ойымша, бұл жақсы бастама емес. Мен жоқ деймін», — деді ол.

Осыдан кейін спортшы командасының адамы рингке жақындап, тор арқылы қызға су шашып жіберді.

Ұсыныстан бас тартқан бейнеролик интернетте жылдам тарап кетті. X әлеуметтік желісіндегі екі аккаунтта ол бірнеше миллион қаралым жинаған.

Бірнеше күн бұрын MMA жауынгері Джефф Монсон Ресейде Исламды қабылдады.

Фото: X/HappyPunch