Әйелін азаптап өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымы бойынша сот процесі өтуде. Сотта оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың үкімді жеілдетемін деп уәде берген астаналыққа ақша бермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Антикорда елорда тұрғыны Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдеткені үшін 100 миллион теңге сұрады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Газымжанов алаяқтық фактісі бойынша жаңа мәліметтерді айтты, деп жазады Stan.kz.
«Ақша беру фактісі болған жоқ. Бишімбаевтың ата-анасын бопсалау ғана болды. Кейін олар оған тек ақша муляждарын берді. Сол арқылы ол адам ұсталды. Менің ойымша, егер оған көмектесіп, артында тұрғандар бар болса, олар да ұсталады», — деді адвокат.
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұл іс туралы білмейтінін айтты.
«Мен бұл туралы ештеңе білмеймін. Себебі маған ешқандай қатысы жоқ. Бұл ол отбасының жеке ісі. Өздері шешсін», — деді Айтбек Амангелді.
Фото: Жоғарғы сот