Алматыда терезенің жақтауында билемек болған қыз жетінші қабаттан құлады (ВИДЕО)

Алматыда жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеген қыздың төменге құлаған видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Төтенше жағдай 26 маусым күні таңертең Сейфулин көшесінің бойында орналасқан «Теремки» ТК-де болды. Куәгерлер қыздың жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, аяғын сермеп, төмен түсіп бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

Полицияға оның өзін-өзі өлтіргені туралы хабарланды.

«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Алматы ПД.